Атырау, 28 сәуір 23:33
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраулық құтқарушылар Ақтөбе тұрғынына көмек көрсетті

Бейнежазба
1 122 просмотра

2024 жылғы 20 наурызда сағат 23:39-да Ақтөбе облысының тұрғыны иығын сындырып алып, оны аурухана жеткізуге көмек керек екені жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Шақырту түскен бойда Жылыой ауданы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылына көмекке шықты. Аталған ауыл Құлсары қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан.

Шақырту орнына жеткен кезде, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылының тұрғыны 1973 ж.т.  азамат мотоциклден құлап, иығын сындырып алғаны анықталды. Бұл ауылда автокөлік жүретін тас жолдың болмауына байланысты зардап шегуші азаматты ауруханаға жеткізу қиындық тудырған. Құтқарушылар ТРЭКОЛ автокөлігімен 2024 жылғы 21 наурызда сағат 12:20-да азамат Қ.О-ны Жылыой аудандық орталық ауруханасына жеткізді.  

Құтқару жұмыстарына Жылыой ауданы №2 МӨСБ 3 қызметкер, 1 бірлік техникасы, АПБ 1 қызметкері жұмылдырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 наурыз, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.