Атырау, 25 қараша 06:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көне құндылықтар: совдепшілер үйі не болып жатыр

1 464 просмотра

Көне көпес үйінің иесі ауысты, енді оны қалпына келтіру жақын арада басталмайтын сияқты.

Еске салсақ, осыдан бірнеше жыл бұрын белгілі археологымыз Марат ҚАСЕНОВ Пушкин – Жарбосынов көшелерінің қиылысындағы жергілікті маңызы бар сәулет-қала құрылысы ескерткіші мәртебесіне ие көне үйді сенімгерлік басқаруға алған болатын. Ғалым Атырауда тұңғыш жеке археология мұражайын ашу үшін ғимаратты қалпына келтіру жөнінде күрделі де игілікті мақсат қойған еді. Демеуші болуға «НефтеСтройСервис» ЖШС (НСС) да табыла кетіп, эскиздік жобаны дайындады.

Алғашқы гурьевтік совдептіктердің үйі атанған ескерткішті қалпына келтіру 2023 жылы басталады деп жоспарланған еді, бірақ күтпеген жерден Қасенов ғимаратты қамқорлыққа алудан бас тартуды ұйғарды. Сол 2023 жылдың көктемінде онымен әкімдік арасындағы келісім бұзылып, билік дереу жаңасын жасады.

«Нысан 10 жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға жеке тұлға Бөлеков Шалқар Ахметжанұлына берілді», - делінген Атырау қаласы әкімдігінің «АЖ» сауалына берген жауабында. – «Келісімшарттың 3.2.19.2-тармағына сәйкес, нысан мәдени мұра болғандықтан, сенімгерлікпен басқарушы нысанды мұражай мақсатында пайдалануға міндетті».

Ш.Бөлеков «НефтеСтройСервис» ЖШС-де басшылық қызметтердің бірін атқаратыны белгілі, бірақ компанияның өзі жеке ғимарат емес, мемлекеттік тарихи нысан болса да, ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Сондай-ақ, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының (бұрынғы ескерткіштерді қорғау инспекциясы) бұл жағдайдан бейхабар екені анықталды. Олар бір жыл бұрын сенімді басқарушының өзгергенін редакцияның сауалынан ғана біліп, «ақпаратты нақтылауға» уәде берді.

Лев ГУЗИКОВ

19 наурыз, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.