Газа секторында Израиль шабуылынан қаза тапқан балалар саны 13000-нан асып кетті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq RuhyReuters-ке сілтеме жасап.
БҰҰ 7 қазанда Израиль – ХАМАС соғысы басталғалы Газада 13000-нан астам бала мен кем дегенде 9000 әйел қаза тапты деп хабарлады.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Израильдің Газа секторына жасаған әскери шабуылынан кейін 2,3 миллион тұрғын бас сауғалап, босып кетті. Халық аштыққа ұшырады, Газаның көп бөлігі жермен-жексен болды.
Соғыс 31000-нан астам адамның өмірін жалмады.