Атырау, 22 қараша 11:39
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Айыппұл ғаламтор арқылы төленеді

3 079 просмотра

Үкіметтің электронды порталында біздің облысымыздың тұрғындары үшін жаңа қызмет түрі пайда болды. 1-ші сәуірден бастап жергілікті жүргізушілер айыппұлдарын интернет арқылы төлей алады.

«Иә, шынында да 1 сәуірден бастап айыппұлды төлеудің электронды түрі қарастырылып отыр, - дейді ІІД ЖПБ бастамашыл тәжірибелік топтың аға инспекторы Арман СЕЙТҚАЗИЕВ.  –Жүргізушілер фото және бейнекамерада түсіріліп тіркелгеннен басқа кез-келген айыппұлды осылайша төлей алады». Он-лайн арқылы айыппұлды төлеу үшін жүргізушілік куәлігінің нөмірі немесе әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасының (бланканың түрі мен нөмірі, сериясы және тәртіп бұзылған күн) мәліметтері міндетті түрде болуы  және төлем картасының бар болуы керек.   

Айыппұл төленгеннен кейін ақпарат автоматты түрде ІІМ тәртіп бұзушылықтарды есепке алатын орталықтандырылған дерекқорға түседі. Төленгендігін растау үшін жүйе электронды чек береді, ол қолданушының жеке кабинетінде e-gov порталында сақталады.   

 Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 сәуір 2011, 01:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.