Атырау, 23 қараша 00:17
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдегі Пионер шахтасы опырылып, оннан астам кенші үйінді астында қалып қойды

355 просмотра
Сурет: ТАСС

Амур облысында гидрометаллургиялық зауыттың шахтасы опырылды. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазды ресейлік РБК.

«Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Олар кәсіпорынның вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жібергенін, кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатқанын атап өтті.

Интерфакс пен 112 телеграм каналы оқиғаның Зея округіндегі «Пионер» кенішінде болғанын жазады (алтын өндіретін кәсіпорынның иесі — «Петропавл» компаниялар тобы). Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында қалған кеншілер тірі.

19 наурыз, 08:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.