Атырау, 23 желтоқсан 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Мақат ауданында жоғалған адам табылды

1 206 рет қаралды

2024 жылғы 17 наурызда сағат 02:56-да 1984 жылы туған азамат Е.А-ның 16 наурыз күні сағат 06:00-де "Уаз" автокөлігімен "Аязби" қыстағына қарай мал іздеуге шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Сағат 03:30-дан бастап Мақат ауданының №8 өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдары мен туыстары "Аязби" қыстағына қарай (Мақат кентінен 60 шақырым жерде) іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Алайда, ол қыстақтан табылған жоқ. 

Құтқарушылар дереу Қызылқоға ауданына қарай іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 17 наурызда сағат 07:45-те жоғалған адам Мақат ауылынан 80 шақырым жерде "Алабие" қыстағынан табылды. Жоғалған азаматтың жылқысын "УАЗ"  автокөлігіне тиеп келе жатырғанда, батпаққа батып қалғаны анықталды. Жағдайы тұрақты, медициналық көмекті қажет етпеді. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және туысқандарынан 4 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз 2024, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.