Атырау, 23 желтоқсан 03:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Наурызда «15-разъезд – Аққыстау – Бақсай разъезі» теміржол аралығында жөндеу жұмыстары басталады

1 152 рет қаралды
сурет ҚТЖ баспасөз қызметінен

ҚТЖ теміржол магистралін жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

 Жолды жаңғырту оңтүстік өңірде Арыс-1 – Талдықұдық – Шағыр аралығында басталды. Наурыз айының соңына дейін Аққұм – Талап (Қызылорда облысы) және 15 Рзд.– Ақ-Қыстау – Бақсай рзд. (Атырау облысы) аралықтарында жұмыстар басталады.  2024 жылы барлығы 570 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтеді. 

Сондай-ақ, жолды орташа жөндеуді күшейту, рельсті тіректер мен рельсті жолдарды үздіксіз ауыстыру қарастырылған. Жалпы, жөндеудің барлық түрлерімен 1400 км теміржол төсемі қамтылатын болады. 

Жұмыстардың үлкен көлемі Ақтоғай – Семей – Алтай (153 км), Шу – Қандыағаш (266 км), Қандыағаш – Ақсарай (138 км), Астана – Алматы (260 км), Алматы – Павлодар (106 км), Жаңа – Есіл – Көкшетау (161 км) учаскелерінде жоспарланған. 2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеуді жоспарлап отыр.  

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 наурыз 2024, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.