Биыл әлем мойындаған украин ақыны әрі суретшісі Тарас Шевченконың туғанына 210 жыл толып отыр.
Қазақстанда ақынды еске алуға арналған іс-шаралар жыл сайын өтіп тұрады. Биыл Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында өткен ақынның мерейтойын атап өтуге Атырау облысы ҚХА украиналық «Довира» ЭМБ қатысты. Довиралықтар сахналаған ұлы Кобзарьдың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын қойылым көрермендердің жүрегінен орын тауып, ақынның сырлы да нәзік болмысын паш етті.
Тарас Шевченко ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталған ауқымды шара мерекелік концертке ұласты; музейге экскурсия жасалды.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ