Атырау, 25 қараша 07:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау – Орал темір жолының салыну мерзімі белгілі болды

2 172 просмотра

2030 жылға қарай бүкіл ел аумағында 4700 шақырым жаңа теміржол салынады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

— Көліктік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында 2024-2030 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды бастау жоспарлануда. Жобалардың болжамды құны 15 млрд теңгені құрайды және үш кезеңде жүзеге асырылады, деп атап өтті агенттіктің ресми сауалына министрлікте.

Ведомствоның мәліметінше, жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі 2024 жылы басталады деп жоспарлануда. Осы уақытта келесі жолдардың құрылысы басталады:

Қызылорда-Жезқазған (208 км) (Ұлытау облысындағы учаске);

Ақтөбе-Қызылорда (742 км) (Ақтөбе-262 км, Қызылорда - Сексеуіл-480 км учаскелері);

Қарағанды-Жезқазған (513 км);

Сарыағаш қаласының айналма жолы (102 км).

Екінші кезеңде, 2024-2026 жылдар аралығында құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі бағыттар бойынша бастау жоспарлануда:

Атырау-Доссор (86 км);

Астана-Қостанай – Ресей шекарасы (830 км);

Атырау-Орал (320 км) (Атырау-Индер, Орал-Чапаево учаскелері);

Түркістан қаласының айналма жолы (30 км).

Үшінші кезеңде 2026 жылдан кейін қалған 1434 шақырым ұзындықтағы жобаларды жаңғырту қарастырылған.

Дайындаған  Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 наурыз, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.