Атырау, 25 қараша 07:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық ғылым академиясы жоғары ғылыми ұйым болып құрылады

1 115 просмотра

Ұлттық құрылтайдың бірінші күні өткен «Білім және ғылым» секциясының отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕК Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы базасында жоғары ғылыми ұйым құрылатынын айтты. Бұл заң жобасы сәуір айында Парламентте бекітілуі тиіс.

Одан бөлек, бұрын Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында болған Сейсмология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетіні де сөз болды. Институттың материалдық базасын жасақтауға 3,5 миллиард теңге қаралып отыр. Министр Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл сомада зілзаланы алдын ала болжамдауға арналған датчиктермен жабдықтау да қамтылады.

Оған қоса, шетел асып отырған ғалымдарға жағдай жасап, елге қайтару мәселесі де қаралып жатқаны айтылды. Еуропаның жоғары оқу орындарынан бөлек, қазір Азия елдері, соның ішінде Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары гранттар беретінін сөз еткен министр қазір елімізде шетел жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды көздеп отырғанын хабарлады.

Оның сөзінше, әсіресе 1990-2000 жылдары шетелге көшіп кеткен ғалымдарды елге қайтару қарастырылып отыр. 

Айнур САПАРОВА 

Суретті түсірген автор

15 наурыз, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.