Атырау қаласында биыл халықаралық талаптарға сай 12 мың жанкүйерге арналған жаңа стадионның құрылыс жұмыстары биыл басталады.
Жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Құрылыс басқармасы Мемлекеттік сатып алу порталында заманауи стадионның ЖСҚ әзірлеу үшін 255 млн 856 мың теңгеге конкурс жариялаған.
Техникалық ерекшелігінде атап көрсеткендей, Стадион 1400 люкс минималды жарықтандыруды сақтай алатын жарықтандыру жүйесімен жабдықталуы керек. Сыйымдылығы жеке орындықтармен жабдықталған 12000 орындық. Судьяларға арналған киім ауыстыратын бөлме, ауданы 20 шаршы метр. VIP тұрақта 150 орын. Теледидар студиясы, Ұзындығы мен ені кемінде 5 метр және биіктігі 2,3 метр. Төрт теледидар камерасы, олар үшін 10 шаршы метр кеңістік бөлінуі керек. Теледидар тарататын компаниялардың автобустарына арналған тұрақ - 1000 шаршы метр. Допинг-бақылау және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған бөлменің болуы және т. б негізгі қажеттіліктері болуы тиіс.
Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ