Атырау, 25 қараша 06:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда вакуум жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

1 096 просмотра
Көрнекі сурет

«Атырау облысы Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының күзет және бақылау қызметі жүргізген рейд барысында ағынды суларды заңсыз төгу дерегі анықталды. 

«Атырау облысы Су арнасы» мекемесі хабарлағандай, КамАЗ-ассенизатор көлігінің жүргізушісі Авангард-3 ықшамауданындағы КНС-4а-да ағынды суды заңсыз төгіп жатқан кезінде ұсталған. Ол заңсыз әрекетін бұған дейін де бірнеше рет қайталаған. 

- Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Суды ағызу үшін пайдаланылған кәріз таситын көлік айыппұл тұрағына жіберілді, - деп хабарлады Атырау облысы Су арнасының баспасөз қызметі. - Осындай немқұрайлылықтың кесірінен қалалық кәріз бітеліп, үйіңіз кәріз жүйесінсіз қалып, ол үшін төлеп отырған ақшаңыз зая кетуі мүмкін. Заңсыз қоқыс тастау жағдайларын анықтауға ат салысыңыз.102 телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 наурыз, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.