Атырау, 18 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды». «Қазақ болу оңай ма?». «Талапкерлерді тінтуге тыйым салынады». «Марсқа ұшқан ғарышкерлер тірі қалмайды - NASA қорытындысы».

1 971 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Әсіредіншілдікпен күрестің" түркіменстандық тәсілі» - Ашғабат елдегі мұсылмандардың исламның дәстүрлі бағытынан ауытқымауын қатаң бақылайды. Ал сарапшылар "әсіредіншілдіктен қауіптенген биліктің мұнысы, керісінше, радикализмді күшейтуі мүмкін" дейді.

«Қазақстанда ұялы байланыс неге арзандамай тұр?» - Қазақстандықтар ақша үнемдеу үшін бірнеше ұялы байланыс операторы нөмірін қатар ұстауға мәжбүр. Операторлар бағаға жабдықты жаңарту мен «географиялық ерекшеліктер» әсер ететінін айтады.

INFORM.KZ. «Марсқа ұшқан ғарышкерлер тірі қалмайды - NASA қорытындысы» - Марсқа ұшатын ғарышкерлер аса үлкен көлемдегі радиациялық сәулелердің салдарынан қатерлі ісікке шалдығып, көп ұзамай ажал құшады. Сондай-ақ олардың көзі мен жүйке жүйесі де зардап шегеді. Curiosity құрылғысының қызыл ғаламшардан жіберген мәліметтеріне қорытынды жасаған NASA мамандары осындай пікірге келіп отыр, деп хабарлайды BBC.

BNEWS.KZ. «ЕО Қазақстанға 80 млрд инвестиция бағыттаған» - «1993 -2013 жылдар аралығында Еуропа одағының елдерінен Қазақстанның экономикасына бағытталған тікелей инвестициялар ағымы 80 млрд долларды құрады. Елімізге шеттен тартылған жалпы инвестиция көлемі - 170 млрд доллар шамасында. Негізгі инвесторлар - Нидерланды, Ұлыбритания, Италия мен Франция мемлекеттері», - делінген баспасөз хабарламасында.

TURKYSTAN.KZ. «Вице-министр мәжілістен мәңгіріп шықты» - Үкімет мүшелері соңғы бір ай ішінде осымен екі рет ел алдында ыңғайсыздыққа  ұшырап отыр. Біріншісі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің әйелдердің зейнет жасын неге 63-ке дейін көтеру қажет болғаны жайлы сауалға жауап бере алмай сасып, «Өйткеніні» қайталаудан арыға бара алмауы болса, екіншісі – Сыртқы істер министрлігінде екінші адам болып саналатын Самат Ордабаевтың Мәжіліс залынан шыққан бетте журналистерден бой тасалау мақсатында алды-артына қарамай зытуы. Вице-министрдің Мәжіліс залын тастағаннан кейін, оның бұл ісі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салған Мәжілісмендер Үкімет мүшелерінің соңғы кезде «халық қалаулыларын» құрметтемейтін бол­ғандығын айтып, маңызды стратегиялық құжатты күн тәртібінен алып тастауға түрткі болған жалғыз себеп – оның дайын­дықсыз келгендігі екендігін тәп­тіштеді.

AIKYN.KZ. «Талапкерлерді тінтуге тыйым салынады» - «Тінтулерге ешқашан рұқсат берілмеген, – деді Ұлттық тестілеу орта­лығының директоры. – Тек қолда ұстауға арналған мета­ліз­деуіштерді пайдалану арқылы тексеру ғана жүргізілді. Биыл біз әуе­жайларда орнатылғанға ұқсас, үлкен рамалар түріндегі метал­іздеуіштерді көбірек пайдаланатын боламыз». Қ.Әбдиев ағымдағы жылы бірқа­тар мамандықтар бойынша мемлекет­тік жо­ғары оқу орындарының ақылы бө­лім­деріне түсу үшін ҰБТ-ның өту балы тө­мендетілгендігін хабарлады. Осылайша мемлекет ол мамандықтарға түсуді ын­таландырмақ. «Биыл шамалы өзгерістер енгізілді, – деді ол. – Олар ұлт­тық ЖОО-лардың ақылы бө­лімдеріне қатысты. Биыл ұлттық ЖОО-лардың «білім беру», «ауыл ша­руа­шылығы ғы­лымдары» және «ве­те­ри­нария» топта­ры­ның ма­мандықта­рына түсу үшін 60 балл жет­кілікті.

ALASHAINASY.KZ. «Бөбектеріміздің құны бұйым құрлы болмай тұр» - «Қоқыс жәшіктерінен полиэтилен пакетке салынған нәрестелерді тауып алды», «баласын айуандықпен өлтіріп, денесін бөлшектеп, лақтырып кеткен», «анасын ұрып өлтірген», «әкесіне пышақ салып алған», «бауырлар бір-бірін мерт қылды...» Осындай қылмыстар бұл күні бізді таңғалдырмайтын болды. Туған баласын өз қолымен өлтірген аналар мен әкелер туралы хабарлар да екі күннің бірінде айтылатын жағдайға жеттік. Мұндай патологиялық қатыгездік қазақ қоғамына қайдан келді?.. Әйел неге өз баласынан өзі жеріді?

«Мәдени қақтығыстар жастарымызды маргиналға айналдырып жіберген жоқ па?» - Әлеуметтік зерттеулер «қазіргі Қазақстан жастарының мінез-құлықтарында батысқа тән жекешілдік, дарашылдық бар. Өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын әдеттегі идеологияның орнына либерализм принци­пі басым. Жастардың сана­сын­да әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сабақтасқан прагматизм мен практицизмнің өсу үрдісі орнығып келеді. Жас­тар­дың жартысына жуығы – потен­циалды космополит, рухани құлазуға дайын объект» депті.

SERKE.ORG. «Мәңгі жас, мәңгі құрдас» - Жексенбіде 1937 жылғы 2 маусымда дүниеден өткен жазушы Саттар Ерубаевтың қалалық зираттағы құлпытасына тағзым еттік. Ескерткіш 1994 жылғы 2 маусымда, жазушының туғанына 80 жыл толар қарсаңда қойылған еді...

ABAI.KZ. «Биліктің алмасу кезеңі таяп қалды» - Саяси сахнасында бірінің қабағын бірі баққан тыныштық орнады. Қалай болмасын, биліктің алмасу кезеңі таяп қалды. Адамның күші жетпесе, Алланың құрығынан құтылмас. Әр жерде белең ала бастаған партия құру туралы сыбыстардың жүруі соның елесі. Алда бұл науқанның  қыза түсетіні даусыз. Биліктің майлы  жілігін мүжіп отырған кландардың текетіресі әзірше саябыр тартты. Тек бір-біріне түсіністікпен қарап, өзара алауздық пен күндестікті ҚОРҒАНУҒА алмастырып отыр.

«Қазақ болу оңай ма?» - Бірақ өзін-өзі қорғай алмайтын, дамыта алмайтын «көрсоқыр консерватизм» ұлттық дәстүрді жойып тынады! Қалай? Себебі, халықтың мемлекеттің іргетасын құрайтын субьект ретіндегі негізгі міндеті – оның жекелеген өкілдерінің хамелеондай құбылып кез келген ортаға сіңіп кете алуын қамтамасыз ету емес.  Халықтың (ұлттың) субъект ретіндегі басты міндеті – өзін әлемдегі барлық мемлекеттер мен ұлттардан ерекшелеп тұра алатындай «өзіндік болмысын» түзуі. Ал бұл «міндеттің» діңгегі – осы жердің тарихи қожасы болып табылатын негізгі халықтың «ұлттық болмысынан» құралатыны» − айнымас ақиқат!  Бүкіл әлем осылай дамуда. Оның жарқын мысалы жеткілікті: жапон, неміс, скандинав халықтары, немесе, Біріккен Араб Әмірлігі, Үнді, Қытай және т.б. көптеген елдерді атай аламыз.

EGEMEN.KZ. «Отандық өнімдерді қайтсек көбейтеміз?» - Бүгінгі заманның сауатты тұтыну­шы­лары Ресейдің шие, құлпынай және ванилин қосылған дәмді сүзбесінің құрамында консерванттар бар екенін біледі. Бірақ, жергілікті өнімдерге қолдары жетпеген соң, тұрғындар амалсыз тасымал тауар­лар­­ды пайдалануда. Ресейліктердің тәтті сүз­белерінің келісі 600-700 теңгеден. Бас­тап­қыда Ресей сүзбелері қазіргіден едәуір арзан болатын. Кейін олар сүзбелерінің құнын қазақстандық сүзбенің хақымен бірдей етіп қойды. Сол секілді, әуелде сауда нүктелерінде 300-350 теңгеден сатылған ресейлік түшпаралардың бағасы да бүгінде қазақстандық түшпаралармен бірдей – 550-600 теңге. Соған қарағанда, шетелдік тауарлар біздің елімізге тұтынушылар тілімен айтқанда, «су тегін» келетін секілді.

3 маусым 2013, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.