Атырау, 23 қараша 00:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлемде шоколад бағасы қымбаттайды

1 090 просмотра

Какао бұршақтарының аз өнім беруінің салдарынан шоколадтың бағасы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кот-д'Ивуар мен Ганадағы ірі какао зауыттары шоколад өңдеуді тоқтатты. Өйткені қазір шоколад жасау үшін пайдаланылатын какао дәндері тапшы болғандықтан, оны сатып ала алмайды. Соның салдарынан әлемде шоколад бағасы шарықтауы мүмкін. 

Айта кетейік, әлемдегі какаоның 60 пайызын дерлік осы екі африкалық мемлекет өндіреді. Шоколад өндірушілер үш жылға жалғасқан қуаңшылықтан кейін өнім бағасын көтерді. Бұл қымбатшылық биыл да жалғасады. Сонымен қатар жақында Кот-д'Ивуарда тағы бірнеше ірі мемлекеттік какао өңдейтін зауыт жабылуы мүмкін.

Әлем бойынша шоколад өндіруден екінші орында тұрған Ганада какао өндіретін сегіз зауыт какао маусымы басталғаннан бері қазан айынан бастап бірнеше рет жұмысын тоқтатты. Оның ішінде мемлекеттік Какао өңдеу компаниясы Cocoa Processing Company (CPC) да бар.

Cocoa Processing Company компаниясы какао бұршақтарының тапшылығына байланысты зауыт тек 20% қуатпен жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. 

Халықаралық какао ұйымы (ICCO) осы маусымда жаһандық какао өндірісі 10,9% , 4,45 миллион метрикалық тоннаға дейін төмендейді деп болжам жасады. ICCO мәліметінше, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі салдарынан биыл маусымда нарық тапшылығы өткен маусымдағы 74 мың тоннамен салыстырғанда 374 мың тоннаға тең. Яғни, өңдеушілер мен шоколад компаниялары өз қажетін толығымен жабу үшін какао қорын пайдалануға мәжбүр. ICCO болжамына сәйкес, әлемдік какао қоры маусымның соңына дейін кейінгі 45 жылда ең төменгі деңгейге түседі. Нарықтағы мұндай тапшылық 1960 жылдардың соңынан бері болмаған.


14 наурыз, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.