Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлескен түрде аудан аумағындағы су айдындарының қауіпті учаскелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта 2024 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында, Жылыой ауданында қауіпті учаскелердегі бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді.