Қазақстандық әзірлеушілер Атырауда тұрақ ережелерін бұзушыларға азаматтық тұрғыда жауап беру үшін пилоттық режимде телеграмма ботын іске қосты. Бұл туралы Sergek Group компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
- Жоба қалалық полиция басқармасының қолдауымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, қалада тәртіпті сақтау, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың жайлылығы үшін жүзеге асырылды, - деп атап өтті компания.
«Azamattyq Sergek» телеграмма-ботында қаланың әрбір тұрғыны:
- Жолда және тұрақта дұрыс тоқтамаса;
- жаяу жүргіншілер жолында, гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтаса;
- сондай-ақ жолда көлік құралдарының қозғалысына әдейі кедергілер жасаса хабарлауға, яғни фотосуреттері бар өтініш қалдыруға мүмкіндігі бар.
«Azamattyq Sergek»-ке қосылу үшін сілтеме арқылы оны Telegram контактілер тізіміне қосып, өтінім беру үшін нұсқауларды орындау керек.
«Azamattyq Sergek» арқылы өтінішті қалай беруге болады:
1. Мәліметтерді толтыру. Пайдаланушы берілген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін деректерді толтырады.
Қажет болса, пайдаланушы көліктің маркасы/моделі/түсі, шығарылған жылы, ерекше белгілері туралы ақпаратты қосымша толтырып, тағы 2 фотосурет қоса алады.
2. Өтінішті қабылдау және өңдеу. Жаңа өтінішке идентификатор (ID номер) тағайындалады, ол арқылы өтініштің мәртебесін көруге болады. Пайдаланушы өтініштерінің тізімінде мәртебе (келісілген/орындалуда/қабылданбаған/орындалған), ID нөмірі, күні, сипаттамасы, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі болады.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА