Атырау, 7 қазан 11:04
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Күніне 60 қазық қағылмақшы

4 201 просмотра

31 наурызда АМӨЗ-да хош иісті көмірсутек өндіру кешені (ХӨК) іргетасының  алғашқы қазығы қағылды.

Кешеннің құрылыс алаңында алғашқы тас 2010 жылдың 4 қыркүйегінде «ҚазМұнайгаз» ҰК басқармасының төрағасы Қайыргелді ҚАБЫЛДИННІҢ қатысуымен қаланған еді. Құны 1 млрд. 40 млн. доллар болатын жаңа өндіріс құрылысы жобасының ресми түрде басталуы 2010 жылдың 1 қазаны деп есептеледі. Жобаны  бас мердігер- қытайлық «Sinopec Engineering» компаниясы 39 ай ішінде аяқтап, толығымен 2013 жылдың желтоқсан айының соңында тапсыруы тиіс. Олар соған үлгере ме?  

Жобаның «Sinopec Engineering» компаниясы тарапынан компания басшысы Джен ФУЦЯНмырза ХӨК құрылыс алаңында көлемі 13 мың тонна мұнай өнімдері жинақталатын 8 мұнай резервуарларына бөлшектеу жүргізілгендігін және қондырғылардың қайда орналасатындығы, қандай салмақта болатындығы және оған қандай коммуникациялар жүргізілуі тиіс екендігін белгілейтін нақты жоспарлар жасақталды деп хабарлады. «Сынақ үшін қағылған қазықтар 60 күндей ауыр салмақ түсіру арқылы сыналды және олардың төмен түсуі байқалмады, сондықтан да біз сапаға кепілдік бере аламыз,-деп мәлімдеді Д.Фуцян. –Енді бұл жерде 2 мыңнан астам 12 метрлік қазықтар қағылатын болады. Күніне 60-80 қазық  қағылады деп жоспарланып отыр».

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат БАЙТАЗИЕВ жұмыстың тәулік бойына жүргізілуін талап етті және нысанда прожекторларды орнатуға бұйрық берді. Бұл мәлімдеме қытайлықтардың жұмысшы кестесінен 20 күндей алға кеткендігіне қарамастан жасалды.

Құрылыс алаңындағы болып жатқан барлық жағдай «on-line» режимі бойынша Астанадан үнемі бейне бақылауға алынып отыратындығы, ал, бейнекамераны басқару тетігі ХӨК құрылысына ақша бөліп отырған «Самрұқ-Қазына»  ҰӘҚ  орналасқан.

Зауыттың күрделі құрылыс және қайта жарақтандыру жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан КЕЙКИНхабарлағандай, ХӨК құрылысы 14 алаңда жүргізілетін болады. Қазықтар қағылып болғаннан кейін құю эстакадасы бойынша іргетасты монтаждау және негізгі қондырғылар мен резервуарлық парктер жұмысы  басталады. Құрал-жабдықтардың бір бөлігі оны сатып алу үшін міндетті болып табылатын француздың «Axens» лицензиялы компаниясы Франция мен Германиядан әкелетін болады. Сондай-ақ, Қазақстанда шығарылған құрал-жабдықтар да сатып алынатын болады. Дайын болуына бір жылдан кем емес уақыт керек болатын компрессорлар, реакторларды алу үшін  Қытайға  тапсырыс берілді. Олардың бағасы жобада көрсетілген, сондықтан да қымбаттау болмауы тиіс.

Журналистерді кейбір құрылғыларды қайта жарақтандыру барысында микропроцессорлық техниканы енгізгеннен кейін жұмыстан босап қалатын жұмысшылардың болашақ тағдырлары алаңдатты. АМӨЗ жобаларын техникалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы Василий ГАЦКОНЫҢ айтуынша, зауытта жұмыс жасайтындардың ешқайсысы да жұмыстарын жоғалтпайды екен. Шынында да қызметкерлердің нақты бір резерві жасақталды, дегенмен, оларды қайта мамандандырып, басқа цехтарда жұмыс істеуге жібереді.  ЭЛОУ-АВТ (электрмен тұзсыздандыру) қондырғыларын автоматты басқаруды енгізгеннен кейін үстіміздегі жылы баяу кокстау және мұнай кокстарын қыздыру қондырғыларында ұқсас қайта жарақтандыру жоспарланып отыр. АМӨЗ өткен жыл үшін 4,3 млн. тонна мұнайды қайта өңдеді, бұл ол үшін рекорд болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

7 сәуір 2011, 01:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.