10 наурызда әуесқойлықпен жабайы үйректің аталықтарын аулау маусымы басталды. Оларды аулау 24 наурызға (бұл күнді қоса алғанда) дейін жалғасады. Атырау облыстық аңшылар және балықшылар қоғамының мәліметі бойынша, маусымдық аңшылық жолдамамен көктемгі аңшылық маусымында 5 (аталық) жабайы үйректі аулауға рұқсат етілген. Жолдамалар 29 ақпаннан бастап берілуде.
Аңшылар мен балықшылар қоғамына бекітілген үш – Құрманғазы, Исатай және Жылыой аңшылық шаруашылықтарының аумағында аң аулауға рұқсат етіледі.
Қоғам мүшелерінің аңшылық жолдамасының құны – 9000 теңге. Жасы бойынша зейнеткерлерге 20% жеңілдік беріледі. Қоғамға мүше емес аңшылар үшін жолдама құны 18 000 теңгені құрайды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА