Атырау, 25 қараша 07:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақ үйді» қайта жаңғыртуға және жапсаржай салуға 7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды

1 071 просмотра

Еске сала кетейік, Атырау қаласы Әйтеке би көшесі 77 мекен-жайы бойынша орналасқан облыстық әкімшілік ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай ғимаратын салу үшін  «Казстройподряд» ЖШС-мен 2018 жылдың 10 мамырында 7 млрд 869 млн 285 мың 800 теңгеге келісімшарт жасалды.

Атырау облысы әкімдігінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, жапсарлас жаңа ғимарат салынғаннан кейін, әр жерде ғимарат жалдап жүрген облыстық басқармалар бір ғимаратқа шоғырлануы керек болатын.

Бүгінгі таңда халық арасында «аппендикс» деп аталып кеткен жапсарлас ғимарат пайдалануға берілгенімен, ескі ғимараттағы күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек ЖЕҢІСБЕКҰЛЫНЫҢ мәліметінше, қазіргі таңда Атырау облысы әкімдігінің қолданыстағы ғимаратының цокольдік қабаты және 1, 5, 6, 7-қабаттарында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін 2, 3 және 4-қабаттары жөндеуден өткен.

- Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ескі ғимаратты толықтай қайта жаңғырту көзделген. Сондай-ақ жобаға сәйкес 8 қабатты жапсаржай ғимараты тұрғызылды, - деп жауап берді аппарат басшысы.

Бүгінгі таңда әкімдіктің ескі ғимараттарында білім беру басқармасы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, энергетика және ТҮКШ басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы, дін істері басқармасы мен облыстық мәслихат  қызметкерлері жұмыс істейді.

Жаңа ғимаратында алты басқарма орналасқан. Олар Атырау облысы әкімдігінің Іс басқармасы, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік  және Ішкі саясат басқармасы, экономика және қаржы басқармасы мен Цифрландыру және архивтер басқармасы, Атырау облысы әкімі аппаратының қызметкерлері бар.

Аппарат басшысының ақпаратына сүйенсек, мамыр айында ескі ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталған басқармалардың орналасу жүктемесі қайта бөлінеді. Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармаларында 427 штат болса, қазіргі уақытта  нақты 386 мемлекеттік қызметші еңбек етуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 наурыз, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.