Атырау, 23 қараша 01:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Украинаға 300 млн доллар көлемінде әскери көмек береді

528 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі 12 наурызда Украинаға $300 млн көлемінде әскери көмек жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Азаттық радиосы. 

Украинаға 60 млрд доллардан астам әскери көмекті қарастыратын заң жобасы конгрестен толық қолдау таппай жатқан шақта бұл Вашингтонның кейінгі бірнеше айдағы бірінші көмек пакеті.

Ақ үй Украинаға мүмкіндігінше көбірек әскери көмек жіберу жолын табуға күш салып жатыр.

Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан 12 наурызда қаражат келісім-шарттардан үнемдеген қорғаныс министрлігінің қаржысынан берілетінін айтты. Саливанның айтуынша, бұл қаражат артиллериялық снарядтар және дүркіндете ататын HIMARS реактивті жүйесіне арналған оқ-дәрі жіберу үшін пайдаланылады. Бірақ көмек бірнеше аптаға ғана жетеді, де ескертті Байденнің көмекшісі.

Украина әскері оқ-дәрі және ракета тапшылығына кезігіп жатқан шақта Ресей майдандағы шабуылдарын үдеткен.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Украинаға ірі әскери көмек беріп келе жатқан АҚШ бірнеше айдан бері конгрестегі жағдайға байланысты Украинаға көмек пакетін мақұлдата алмай отыр. Заң жобасын қабылдауға Дональд Трамптың жақтастары қарсы. Олар АҚШ-тың оңтүстігінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін алға тартады.

Американың барлау қызметінің өкілдері 11 наурызда конгреске "егер АҚШ жақын арада Украинаға көмек жібере алмаса, онда Украинаның қарулы күштері Ресей басқыншылығына төтеп бере алмайды" деп мәлімдеген.

CNN мәліметінше, Ресей қазіргі кезде АҚШ пен Еуропаны қоса алғанда, үш есе артық артиллериялық снаряд өндіріп жатыр. Сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумердің айтуынша, алдағы уақытта майдандағы жағдай кімде оқ-дәрі көп болса, сол анықтайтынын айтты.

13 наурыз, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.