Атырау, 25 қараша 06:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік сәуір айына дейін жетеді

880 просмотра

Атырау облысының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану мақсатында «Атырау» ӘКК» АҚ мен шаруа қожалықтары арасында тауарларды сақтау және өткізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдеріне «айналмалы тізім бойынша» несие шарттары жасалды.

Нәтижесінде Атырау облысын 2024 жылдың сәуір айына дейін қамтамасыз ететін тұрақтандыру қорына 5136 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдері: картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат қаладағы 4 базарда және 3 аулалық сауда павильонында, сондай-ақ 32 «Лидер» және «Идеал» супермаркеттерінде сатылады.

Картоп – 120/122 теңге;
Пияз – 95/97 теңге;
Сәбіз – 120/152 теңге;
Қырыққабат – 140/142 теңге.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 наурыз, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.