Прокуратура сайтына онлайн хабарлама жіберу үшін смартфонның камерасын QR кодқа бағыттау жеткілікті.
Атырау облысы прокуратурасының сайтында хабарланғандай, бұл жаңалық Атырауда 67 мектеп пен 13 колледжде енгізілген. Кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы немесе басқа да мәселелер туралы тек балалар ғана емес, ата-аналар да ашық айта алады.
Айта кетсек, облыста «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» атты әлеуметтік жоба да қолға алынған.
Бұл жоба балалардың құқығын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды анықтау
Осы мақсатта облыста прокуратура, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, психологтар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды.
Мобильді топтар ақпан айында тұрмыстық қиын жағдайда қалған 50-ден астам отбасына барды, кәмелетке толмағандар арасында қайыр сұраудың екі фактісі анықталды, ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу 23 жағдай бойынша ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА