«Ақ Жайық» редакциясы Қазақстанның барша азаматтарына және шетелде тұратын қамқор адамдардан көмек сұрайды.
Досымыз, әріптесіміз әрі нағыз журналист Есенжол ЕЛЕКЕНОВ қиын жағдайға тап болды. Өткен аптада дәрігерлер оған "Лейкемия" деген диагноз қойып, ол екі рет тексеріліп расталды. Қазіргі таңда емдеу курсын жүргізу үшін 13 миллион теңге жинау керек.
Есенжолда да, оның туыстарында да мұндай қаражат жоқ. Осыған орай, барша оқырмандарымыздан, журналист әріптестерімізден, достарымыз бен таныстарымыздан осы соманы жинауға көмек сұраймыз. Бәріміз де Есенжолдың журналистикаға тезірек оралуын қалаймыз, себебі ол үнемі қарапайым халықтың мәселелері туралы жазып келді. Сондай мақалалары әлі де жарық көреді деп сенеміз!
ӨМІРБАЯНЫ:
Елекенов Есенжол 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қызыл ту ауылында дүниеге келген. Әжібай ауылында бірік орта мектебінде білім алды. Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтады. Журналистика саласында сегіз жылға жуық еңбек еткен ол - Жайық Пресс медиа холдинігіне қарасты аудандық, облыстық газетте жұмыс істеді. Тәуелсіз "Уральская неделя" басылымының қазақ редакциясында қызмет етті. Бұдан бөлек, республикалық Malim.kz ақпарат агенттігінде жұмыс істеді.
Қазіргі таңда республикалық "Білім айнасы" сайтының Алматы қаласы бойынша журналист-редакторы.
Қол ұшын созу үшін:
KASPI: 4400 4302 8113 6843
Телефон нөмірі: 8 778 937 47 47
Халық банкі 4405 6398 1029 9642
"АЖ" редакциясы