Атырау, 23 қараша 15:05
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда Urshyk пати өтті

1 134 просмотра

Жексенбі күні 10 наурызда Ретро парк саябағындағы «Batik Kami» Арт галереясында ұмытылып бара жатқан ұршық иіру, тоқыма тоқу өнерін дәріптеуге арналған Urshyk пати шарасы өтті. 

Қолөнер «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Urshyk пати» Атырау облыстық филиалың ашылуына Атырау қаласы мен аудандардан 30 жуық ұршық иіретін әжелер мен қыз-келіншектер қатысты.

Шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, бастаманың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін жеткізді.

- Бұл шараға алдағы уақытта шетелдіктерді де шақыру қажет. Олар біздің тарихымыз бен мәдениетімізге, өнерімізге қатты қызығушылық білдіреді, - деп атап өтті Ермұханов.


"Urshyk пати" орталығы биыл ақпан айында Астана қаласында ашылған. Енді Қазақстанның барлық қаласында филиалдар ашылмақ. 

- Urshyk пати филиалын өңірлер бойынша алғашқы болып ұлттық құндылғымызды дәріптеп, Атырау облысы бастап ашып жатыр. Шарада жастардың да қызығушылығы мол екенін байқап, қуанып отырмыз. Алдағы уақытта  алаша тоқу, киіз басудан шеберлік сабағын өткізіп тұрамыз. Ursyk патидің жеке ғимараты болмағандықтан шеберлік сағаттары қай жерде өтетіні алдын ала әлеуметтік желіде хабарланады. Ретро парк саябағындағы «Batik Kami» Арт галереясына келіп байланыс номерлерін қалдырып, тіркелсе болады, - дейді "Urshyk" республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының төрайымы Салтанат ЕЛЕУСІНОВА.

- Ұршық біздің ұлттық кодымыз. Ұршық иіру өнеріне ұмытылып бара жатыр, қазір керек емес деп қарамай керісінше әрі қарай да қолданысқа асуын насихаттай беруіміз қажет. «Batik Kami» Арт галереясы өнер мен мәдениетке қатысты қаланың барлық шарасын өткізуге дайын, - дейді Камила ЖАПАЛОВА.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

11 наурыз, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.