Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №75 мекемесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілінің жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау кезінде сотталушылардың бірі денсаулық жағдайына шағымданды. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша Омбудсмен өкілі Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдады.
АҚЖУ өкілінің араласуынан кейін арызданушы Атырау облыстық ауруханасында қаралып, қазіргі уақытта қажетті ем қабылдауда.