Атырау, 26 маусым 09:30
 дождьВ Атырау +24.3
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі болады

1 421 рет қаралды
Сурет: pixabay.com

11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады. Бұл туралы Анадолы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швед баспасөзінің хабарлауынша, 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтеді.

НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі. Осылайша, Швеция альянстың 32-ші мүшесі болады.

Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданды.

Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген болатын. 

7 наурыз 2024, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.