Атырау, 21 желтоқсан 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бейнежазба
1 506 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырау облысының қорғаныс істері департаментінде ҚР Қарулы Күштері қатарына көктемгі әскерге шақырылғандармен салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабалайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шарада Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Эльдар Шингалиев, Қарулы Күштердің ардагерлері, ауған ардагерлері, әскери-техникалық мектептің студенттері мен әскерге шақырылушылардың ата-аналары сөз сөйлеп, отан қорғаушыларға сәттілік тіледі. 

- Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу - үлкен мәртебе. Ата-аналарға алаңдамау үшін, қолайлы қызмет үшін барлық жағдайлар бар. Қазір Қарулы Күштерде барлық бөлімшелер демалыс күндері туыстарымен бейне келіссөздер жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі арнайы сатып алған планшеттермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «Мерзімдік 2.0» бағдарламасы бойынша әскерге шақыру бойынша қызмет өткергендер еліміздің жоғары оқу орындарының біріне емтихан тапсырусыз және ҰБТ-ға тегін негізде түсе алатынын атап өткім келеді,- деді Э.Шингалиев. 

Іс-шарада Атырау қаласының әскери-техникалық мектебінің студенттері патриоттық әндерді орындап, әскерге шақырылғандардың рухын көтерді.

- Отанды қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ер адамдардың өмірі әскерге дейінгі және әскерден кейінгі болып екі бөлікке бөлінеді. Әскерде олар қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын игереді. Қызмет еткен жылы жас жігіттер ұзақ уақыт бойы байланыста болатын көптеген достар табады,- деді Қарулы күштердің ардагері, запастағы полковник Сағидолла Рысғалиев.

Айта кетейік, мерзімді әскери қызметте болған кезеңде несиесі бар әскерге шақырылушылар уақытша несие төлеуден босатылады.


6 наурыз 2024, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.