Атырау, 25 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Атырау облысы бойынша филиалының басшысы тағайындалды

1 549 просмотра

ҚР КМ АЖК "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау өңірлік филиалының директоры лауазымына Бекбол Ерболұлы МҰҚАШОВ тағайындалды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Бекбол Мұқашев 1987 жылы туған. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2013 жылы Алматы қаласындағы Д. А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары ҚазАвтоЖол жүйесінде, ҚазақАвтоЖолда, жеке автожол компанияларында, Жол активтері сапасының ұлттық орталығында жұмыс істеді. Жол саласында 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.

6 наурыз, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.