109 бірыңғай желісінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы Атырауда қоғамдық көліктердің персоналына қатысты халықтан 1337 шағым түскен. Ал былтыр 1821 шағым тіркеліп, салысттырмалы кезеңде 26,5 пайызға артқан.
Автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы келіспеушілік бейнеленген видео тарағаннан кейін, халықтың пікірі екіге бөлінді. Олардың бірі жүргізуші жолаушыға дөрекілік танытты, содан төбелес басталды дейді.
«Мұның бәрі не үшін басталғанын білмейсіздер, - деп жазады автобустағы төбелестің куәгері. - Оны жүргізушінің өзі арандатқан. Ол автобустың иесі сияқты дөрекі сөйлеген. Кейін ол полиция бөліміне жүргізушіге қарсы арыз жазды».
Ал тағы бірі қандай жағдай болғанда да, жолаушы өзін сабырлы ұстау керек еді, себебі басқа адамдар зардап шегуі мүмкін деді.
Полиция департаменті жүргізушіге қарсы арыз тіркелмегенін мәлімдеді.
Жалпы бұл жағдай тағы да адамдар өзара қарым-қатынаста мәдениеттілік таныта алмай, туындаған түсініспеушілікті жұдырықпен шешетінін көрсетіп отыр.
Одан бөлек жүргізушілер мен жолаушылардың дөрекілігіне шағым көп. Сонымен қатар, жүргізушілердің белгіленген аялдамаларға жолаушылардың толық мініп-түскенін күтпестен қозғалуы, аялдамаларға мүлдем тоқтамай кетуі, бекітілген жол сызбасымен қатынамауы бойынша шағымдар тіркелген.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ