Атырау, 25 қараша 09:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спорт жаңалықтары

1 351 просмотра

Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, КСРО-ның бес дүркін чемпионы, Атырау облысының Құрметті азаматы Болат Теміровті еске алуға арналған ерлер арасындағы І халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті.

Жарыс нәтижесімен І орынға 48 келі салмақ дәрежесінде қырғызстандық Асылбек Аманкулұлы, 51 келіде ақтөбелік Бекзат Алдамжаров, 54 келіде алматылық Кенже Муратұлы, 57 келіде павлодарлық Ерболат Сабыр, 60 келіде ақмолалық Чингиз Мусинов, 63 келіде алматылық Жандос Қыдыралиев, 67 келіде жамбылдық Илья Калинин қол жеткізді. Сондай-ақ 71 келіде ресейлік Изновр Зайпулаев, 75 келіде атыраулық Нұрқанат Райыс, 80 келіде павлодарлық Аятулла Такижанов, 86 келіде шымкенттік Бекзат Таңатар, 92 келіде қарағандылық Нурмухамед Юсупов, 92 келіден жоғары салмақта атыраулық Аманат Сабырғали І орынды иеленді. 

Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстанның барлық облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 100-ге жуық боксшы бақ сынады.

***

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Ташкентте өткен Grand Slam сериясы турнирінің күміс жүлдегері атанды.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты. Шешуші шайқаста оған ресейлік Сабина Гилязова қарсы шықты. Қарсылас жеңіске жетіп, Абиба Әбужақынова өз өнерін күміс жүлдемен аяқтады.

Бұл қазақстандық дзюдошы үшін әлем чемпионатындағы алғашқы күміс жүлде.

***

2 наурыз күні сағат 14:00-де Павлодар қаласының стадионында «Елімай» (Семей) және «Атырау» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 1-ші турының ойыны өтті.

«Мұнайшылар» өткен маусыммен салыстырғанда жартылай өзгертілген құраммен ұпай алу жорығына шықты. Македониялық Демир Имеридің орнына 10-нөмірлі «шабуыл диспетчері» жейдесін жергілікті ойыншы Ринат Жұматов киді. Нигериялық Н.Эффионгтың орнына шабуылшы португалдық Педро Эуженио келді.

Қарсыластар матчты абайлап ойнады. Кездесу соңына дейін есеп 0:0 болды. Естеріңізге сала кетейік, маусымаралық кезеңде «Ақтөбе» ҚР чемпионатында 3-орын алғанына қарамастан, «Елімайды» Андрей Карпович басқарды. «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) арасындағы келесі ойын 6 наурыз күні «Мұнайшы» стадионында, сағат 17:00-де басталады. Содан кейін Қазақстан құрамасының ойындарына байланысты чемпионатта 30 наурызға дейін үзіліс бар.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.