Атырау, 23 қараша 00:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстанда қар көшкіні мен тас құлау қаупі күшейді

396 просмотра
Сурет: pixabay.com

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті ел тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері республиканың таулы аймақтарында, «Душанбе – Худжанд»  автожолының аумағында және Таулы-Бадахшан автономиялық облысының батыс аудандарында қар көшкіні мен тас құлау қаупі жоғары болатынын ескертті, деп  жазады  Ховар агенттігі.  

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті тұрғындарды ұзақ сапарға шығудан, отын жинаудан, аң аулауға және балық аулауға барудан, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тартып, сақ болуға шақырады.

Бұған дейін Комитет жауын-шашын салдарынан Гиссар жотасының тауларында, сондай-ақ «Душанбе – Хорог», «Душанбе – Худжанд», «Душанбе – Лахш», «Хорог – Мургаб», «Хорог-Ишкашим» автожолдарында қар көшкіні ықтималдығы сақталатынын хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын 15-21 ақпан аралығында Тәжікстанда 200-ден астам қар көшкіні болған. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 19 адам қаза тапты.

6 наурыз, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.