5 наурызда сағат 15:10 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзенінде белгісіз әйел ойылған мұздан суға түсіп, айқайлап көмек сұрады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары дауысын естіген бойда, жедел әрекет жасады.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйел адамды дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтар мен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп тудыруда.
Осы ретте, атыраулық полицейлер күннің жылынуына байланысты мұзда жүру адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.