Атырау, 23 желтоқсан 12:22
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау тұрғыны жедел жәрдемге шағымданды

1 463 просмотра

Ол өз шағымын Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жариялады.

Шамамен үш күн бұрын Nazgul Mary тыныс алуы қиындап, жүрегінде ауырлық сезінген. Денесі мен аяқ-қолы дірілдеп, содан кейін тұрғын жедел жәрдем шақырған, ал ол бір сағаттан кейін ғана жеткен. Бұл ретте қала тұрғыны өз мекенжайын екі рет түсіндіріп айтқанын атап өтеді.

Наурыздың 4-нен 5-іне қараған түні Nazgul Mary басы қатты ауырып оянған.

– Басым сынып, көзім жарылардай, бет-аузыма 10 мың инені сұққылап жатқандай ауырып тұрды. Жедел жәрдем шақырмадым, басылады деп ойладым. Түнімен Панадолды 3 рет ішсем де басылмады. Таңертең сағат 8:12-де жедел жәрдем шақырдым, - деп жазған Атырау тұрғыны бүгін жедел жәрдемді 3 сағат күткенін атап өтті.

Бұл шағымға Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігі түсініктеме берді.

- «103» пультіне «Ривьера» тұрғын үй кешені, Ақ Шағала, №4 үй мекенжайы бойынша 05.03.2024 жылы сағат 08:14-те жеделдіктің 4.1 санаты бойынша (жедел аурулар және созылмалы аурулардың өршуі, өмірге қауіп төнген айқын белгілері жоқ, 60 минутқа дейін жетеді) қоңырау түсті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына сәйкес барлық шақырулар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жеделдіктің 4 (төрт) санатына бөлінген. Сіздің жағдайыңызда шақыру жеделдіктің 4-ші санатына жатады, сондықтан ол №1 емхананың мобильді тобына берілді. Мобильді топтың барлық әрекеті, оның ішінде медициналық көмек көрсету жедел жәрдемнің құзыретіне жатпайды, - деп жауап берді әкімшілік.

Мекеме жедел жәрдем қызметіне қатысты шағымдарды 8 (7122) 50-17-48 байланыс телефоны арқылы немесе atyrau_skoraya@mail.ru электронды поштасына жазбаша түрде жолдауға болатынын айтты.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

5 наурыз, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.