Түркияның солтүстік батысында күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі бір мезетте елдің бірнеше провинциясында сезілді, деп хабарлайды KAZINFORM.
Түркияның төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметтері бойынша, Ыстанбұл маңындағы Чанаккале портты қаласында Рихтер бағамы бойынша 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Ведомствоның хабарлауынша, зілзаланың ошағы Чанаккале провинциясындағы Енидже ауданында 10,44 км тереңдікті жатқан.
Ең күшті жерасты дүмпулері Чанаккале шығанағына кіретін аймақта сезілген. Аталған портты қала Мәрмәр және Эгей теңіздерін жалғап жатқан, Дарданелла бұғазы жағалауындағы Кіші Азия жартыаралында орналасқан. Сонымен қатар жер сілкінісі Ыстанбұл, Маниса, Бурса сияқты жақын маңдағы көптеген провинцияларда да сезілген.
Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликайдың айтуынша, қазіргі таңда жағдай тұрақты. Зілзаладан зардап шеккендер жоқ. Құзырлы орган өкілдері қаладағы ғимараттарды тексеріп жатыр.