Атырау, 23 қараша 00:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуроодақ Apple компаниясына 1,84 млрд еуро айыппұл салмақ

465 просмотра

ЕО америкалық Apple компаниясына 1,84 миллиард еуро айыппұл салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Брюссель корпорацияны iPhone және iPad пайдаланушылары үшін музыкалық ағындық нарықтағы басым позициясын теріс пайдаланды деп айыптап отыр.

Монополияға қарсы тергеу жүргізуге Spotify швед сервисінің App Store комиссиясына байланысты ай сайынғы жазылу құнын көтеру қажеттілігі туралы шағымы себеп болды.

"Apple әзірлеушілердің пайдаланушыларға оның экожүйесінен тыс музыканы сатып алудың арзан нұсқалары туралы хабарлау мүмкіндігін заңсыз шектеді", - деп жазды Бәсекелестік жөніндегі Еуропалық комиссар Маргрете Вестагер.

5 наурыз, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.