Бұл туралы «АЖ» басылымына ақпарат көзі хабарлады.
Естеріңізге салсақ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығына мемлекетке аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Атырау облыстық Қаржы монитрингі агенттігінің департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізіп жатыр.
2024 жылдың басындағы кәсіпорындағы оқиғалар хронологиясын біздің «АМӨЗ: жанжал хроникасы» материалынан оқуға болады.