3 наурызда сағат 17:00 шамасында Көкарна ауылында Атырау-Дамба тас жолында адам өліміне әкеп соқтырған ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Алтын құрылыс» құрылыс дүкенінің маңында төрт көлік – Toyota Prado, Kia, КамАЗ және ВАЗ-2112 көліктері қатар соқтығысты. ВАЗ жүргізушісі мен оның жасөспірім жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы әйел мен үш жасөспірім жедел жәрдеммен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Іс бойынша құжаттар жинақталып жатыр.
Айнұр САПАРОВА