Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс өсімдіктері жанды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Елді мекенге қауіп жоқ.
Әуеден барлау жүргізу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Жалпы жанған аумақ көлемі 1000 га құрайды. Оның ішінде 200 га аумақ ТЖД күштерімен сөндірілді, ал 780 га аумақ өздігінен сөнді.