Атырау, 3 мамыр 13:39
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты бірқатар мемлекеттік қызмет қолжетімді болмады

666 просмотра

«АЖ» редакциясына халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алмай жатырмыз деп бірнеше адам хабарласты. Олардың бірі бүгін үшінші күн уақыт белдеуінің ауысуына байланысты автоЦОН істемей тұрғанын айтса, енді біреуі жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу келісімшартын жасаса алмай отырғанын айтады.

Біз комментарий алу үшін  «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облысы филиалына сауал жолдадық. Филиалдың PR-менеджері Орынгүл МАХМУД уақыт белдеуінің ауысуына байланысты кей қызмет түрлерін көрсету мүмкін болмағанын растады. Оның сөзінше, бұл тек Атыраудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қатысты емес, бүкіл Қазақстан бойынша орталықтарда да сондай жағдай болған.

- Қазір республика бойынша мәселе шешіліп, қызмет алу қайта жанданды. Дегенмен, Атырау қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да жоспарлы түрде жарық өшірілуіне байланысты бүгін жарық жоқ, - дейді О.Махмуд.

Бүгін «Атырау-Жарық» АҚ 09.00 бен 18.00 аралығында жарық өшетінін хабарлаған.

- Нақты қандай қызмет түрлері қазір тоқтап тұрғанын және жарық өшуіне байланысты қызмет алуға келгендерге қандай жауап беріп жатырсыздар?

- Қазір орталықта электргенератор көмегі арқылы жарықты қосуға тырысуда. Мамандар қолдан келгенше жарықты іске қосып, қайта қызмет көрсетуге кірісуге ниетті. Жарықтың жоқтығына байланысты қазір қызмет алудың барлық түрі қолжетімсіз. Келген, сұраған халыққа жағдай ашық түсіндіріліп жатыр. Жарық ерте жанып, қызмет көрсетуге дайын болған жағдайда, бүгін арнайы іздеп келіп қызметке жүгінген тұрғындардың жеке номерлеріне байланысып, хабарын береміз. Келтірілген уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім өтінеміз, - деп жауап берді О. Махмуд.

Еске салайық, биыл 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні, сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжыды.

Айнұр САПАРОВА

5 наурыз, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.