Атырау, 25 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​«Кибер-Шериф» 7 млн теңгеге айыппұл салды

784 просмотра

«Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы он күнде 321 автокөліктен 7 млн 810 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысы аумағында республикалық маңызы бар тас жолдарда жол-көлік оқиғасының алдын-алу бағытында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы жол жүрісі ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілерін анықтауда. Бұл құрылғы жол жүрісі ережесін бірнеше мәрте бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөліктерді де анықтауға мүмкіндік береді.

Полиция департаментінің мәліметінше, Атырау облысында соңғы он күн ішінде жылдамдық асырған 321 автокөліктен 7 млн 810 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

-  Аталған автокөліктердің басым бөлігі транзиттік және шетел мемлекетінде тіркеуде тұрған автокөліктер. Мәселен, Армения мемлекетінде тіркеуде тұрған KIA автокөлігінің жүргізушісіне бір жыл ішінде 16 рет жол ережесін бұзғаны үшін 463 000 теңге айыппұл салынып, 29 жастағы жүргізушінің төлеуден жалтарып жүргені анықталды. Қазіргі таңда автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты заң шеңберінде тиісті шара қабылдануда, - деп хабарлады полиция департаменті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 наурыз, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.