2 наурыз сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 га алаңда қамыс өсімдіктері жанды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. Сөндіру жалғасуда.