Атырау, 25 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау қаласында коммуналдық қызмет түрлерін алу үшін арнайы портал іске қосылды

954 просмотра

Енді қала тұрғындары коммуналдық қызмет көрсету түрлерін алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн және офлайн түрде табиғи монополиялар субъектілерімен келісім шарт жасай алады. Ол www.onaykyzmet.kz сайтында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған порталда сумен, жылумен, газбен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен телекоммуникация қызметтеріне қосылуға өтінім беруге, келісімшарт жасауға болады. Алдағы уақытта қызмет берушілер мен көрсетілетін қызмет түрлерінің санын көбейту жоспарланып отыр.

- Сонымен қатар, аталған қызметтерді оффлайн түрінде алуға болады. Ол үшін Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 66 көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында фронт-офис ашылып, бірыңғай терезесі арқылы қызметтер алуға мүмкіндік бар. Аталған жоба «Ақылды» қалалар (Smart city) жобасы аясында іске асырылуда. Жоба қала тұрғындарына коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақтауы бойынша оң нәтижелер береді, - деді Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы А.Көпжанов.

2 наурыз, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.