Атырау, 25 қараша 10:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау тұрғыны фитозертханада есірткі өсірген

Бейнежазба
998 просмотра

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының өкілдері бірлесіп үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Ол өсімдікке жылу беретін жарық құрылғылары мен суару жүйелерін орнатып, құнарлы топырақ пайдалана отырып есірткі фитозертханасын жабдықтаған. Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді. 

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


2 наурыз, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.