Атырау, 11 қазан 03:32
 дождьВ Атырау +12.3
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Мақатта төрт отбасыға баспана кілті табыс етілді

1 412 рет қаралды

Бұл баспаналар Мақат ауданының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойына орай, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде жергілікті бюджет есебінен беріліп отыр.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ринат ИБРАГИМОВ ауданда үй кезегінде тұрғандардың саны көп екендігіне тоқталып, бұл мәселе бірте-бірте өз шешімін тауып келе жатқанын атап өтті.  

Баспана кілті кезегі келген көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және І мен ІІ-топ мүгедектігі бар санатындағы азаматтарға берілді. 

Жақын уақытта тағы екі баспананың кілтін табыстау жоспарланып отыр. Бүгінде аудан бойынша 700-ден астам тұрғын үй кезегінде тұр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 наурыз 2024, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.