Жылыой ауданында 1 наурызда қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады.
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құлсары қаласында қалаішілік 12 бағыт бойынша 54 автобус болса, ауыларалық алты бағыт бойынша 6 автобус бар. Жолақысы қала ішінде 50 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 100 теңге) болса, ауылдық округтерге 150-330 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 300-660 теңге) аралығында.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА