Атырау, 6 қазан 14:42
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Аланбек Жанбалаев «Театр барысы» атанды

1 501 рет қаралды

28 ақпан күні Астанада қазақ күресінен актерлер арасында өткен II республикалық «Театр барысы-2024» турнирінде атыраулық театр әртістері екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Омар НҰРБЕК жүлделі 2-орын мен 300 мың теңге сыйлыққа ие болса, Асланбек ЖАНБАЛАЕВ чемпион атанып, 500 мың теңге және чемпион белдігін иеленді.

Айта кетейік Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған бәсекеде республикамыздың 10-нан астам өңірінен 53 балуан қатысты.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 наурыз 2024, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.