Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтады деген күдікпен 21 жастағы облыс тұрғынын ұстаған.
Тінту және айғақтарды сол жерде тексеру кезінде күдіктіден Retay маркалы тапанша, жиналмалы пышақ табылды. Сондай-ақ, қала аумағында синтетикалык есірткіні жасырған мекен-жайлары да анықталып, сатуға дайындалған есірткі орамалары тәркіленді.
Қазіргі таңда 21 жастағы күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.