ҰҚК Шекара қызметінің ақпандағы іс-қимыл нәтижелері туралы хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы ақпанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:
- 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
- 17 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, оның ішінде:
- 54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 кг жоғары;
- 20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі);
- 63 факті – діни әдебиет (3 078 дана);
- 330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр);
- халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам;
- шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам.
Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
- 9,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- 109 дана (454 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
- 39 дана (93 кг) таза тұқымдас балықтар.
Алды алынған залал сомасы 173,5 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.