Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы және Parimatch амбассадоры Кирилл Герасименко спорттың ең серпінді түрлерінің бірі туралы кең таралған алты үстірт сұраққа жауап берді.
Мұндай ойын қарқынында допты қалай бақылауға болады?
Бұл көптеген жылдар бойы жаттығулар жасаған дағды, егер сіз доптың екі жақты айналу мәнін және келген допты қалай ұру керектігін түсінсеңіз, онда ол сырт көзге көрінгеннен әлдеқайда жеңіл болады.
Бір ойын барысында қанша киллограмға азасыз?
Иә, өкінішке орай, салмақ жоғары жылдамдықпен жанады. Доптың ұшу жылдамдығы сияқты десек те қате болмас. Мен жарысқа 74 килограмм салмақпен келсем, үш-төрт күндік ойындардан кейін салмақ 70 килограмға дейін төмендейді. Сонымен қатар, салмақ жоғалту тек физикалық белсенділікпен ғана емес, сонымен қатар ойын кезінде күйзеліс пен адреналинмен де байланысты.
Неліктен үстел теннисін таңдадыңыз?
Әкем мені осында әкелді. Ол өзі үлкен жолдан өтіп, тоғыз түрдегі спорт шебері болды. Жаттықтырушым да керемет адам болатын! Сондықтан ол менің таңдауым емес еді, бірақ әкемнің таңдауына сенім арттым.
Бұл спорт түрі елімізде тұрмыстық имиджге ие. Оны аулада ойнай ма?
Соңғы үш-төрт жылда Қазақстанда үстел теннисінің тоғыз орталығы салынды. Шамамен 15 өңірлік федерация, 24 кәсіби клуб құрылды. Ал қазір елде үстел теннисін мыңдаған әуесқойлар ойнайды. Жыл сайын бұл спорт түрінің имиджі артып келеді. Бұл үрдіс жалғасын тауып, үстел теннисі барлық жерде — спорт орталықтарында және әр аулада ойналады деп үміттенемін..
Үстел теннисінде қытайлықтарды жеңу мүмкін бе?
Әкем айтқандай: "Жеңілмейтіндер жоқ". Қытай үшін үстел теннисі-ұлттық спорт түрі. Онда оны миллиардтан астам адам ойнайды. Бәсекелестік деңгейін көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Демек, нәтижелер осыдан. Бірақ, қытайлықтарды да жеңуге болады. Біз мұны іске асыратын боламыз.
Неліктен үлкен теннисіндегідей айқайламайсыздар?
Бізде үлкен теннистегідей емес. Ашық қозғалыстарға уақыт бар, соның арқасында күш жинап, дем шығарған кезде доппен бірге бәрін шығарып тастайды. Демек, осыдан айқайлау да бар. Үстел теннисінде қозғалыс әлдеқайда қысқа, ал соққы уақыты аз. Сондықтан біздің "шыңғыруымыз" немесе айқайларымыз қысқа. Дәл бокстағыдай болып келеді.