Атырау, 25 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда «жайлы мектеп» салып жатқан жұмысшылар үш ай бойы жалақы ала алмай жүр

1 005 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырауда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында тоғыз білім ошағын салып жатқан жұмысшылар бас көтерді. Үш айдан бері маңдай тер еңбекақыларын ала алмай жүрген 30-ға жуық адам жұмысты біржола тоқтатты, деп хабарлайды Информбюро.

Олар бала-шағаны бағу үшін қарызға белшеден баттық деп отыр. Ал, құрылысқа жауапты компанияның уәжі қандай? Жалақы дауынан кейін мектептердің құрылысы кешігуі мүмкін бе? 

Бұл қаладағы тоғыз мектептің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар. Үш айдан бері айлықсыз жүрміз деген азаматтар жұмысты тоқтатып, жанайқайларын жеткізді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан талмай тер төккен құрылысшылар қаржымыз жетпей, отбасын асырау қиындады деп ашулы. Сондықтан амалдың жоқтығынан көбі түнгі уақытта такси жүргізіп, жолаушы тасымалдауға көшкен.

Сағат Берғалиев, жұмысшы:

— «JM Capital» да түрлі жұмысшы боп жұмыс істейміз. Атқаратын қызметіміз әр түрлі. Әзірге жоқ деп отыр. Білмеймін енді қашан болатынын. Олар айтпайды. Мында ақшамызға келіп тұрмыз. Өзімнің жеке көлігім бар таксист болып ақша тауып отырмын. 6 ай болды жұмыс істеп жатқаныма. Ақшамызды берсін деп талап етеміз.

Азамат Иманғалиев, жұмысшы:
— 2022 жылдың соңғы айында кірдім. Одан бері алып жүрдік. Қазір жалақы жоқ. Ақшаны кешіктіріп береді. Мына жерде тұрғандардың ешқайсысы да ала алмай жүр ақыларын. Пенсионный да аударылған жоқ. Тек бір-екі ай ғана аударылды. Ары қарай жоқ.
Жиналғандардың талабын тыңдауға құрылысқа жауапты компанияның басшылығы келді. Ол жұмысшылардың жалақысы тек наурыз айында беріледі деп ашық айтты. Өйткені, қазір компанияда қаражат жағынан қиындықтар туындады дейді.
Еркнбек Нүсіпов, «Каспий» кадрлық қауымдастығының директоры:
— Қазір компанияда қаражат жағынан қиындық бар. Алдағы уақытта шешуге жұмыстанып жатырмыз. Жалақы бойынша қазір мәселе қаралып отыр. Наурыз айында беруге тырысамыз. Заказчиктен ақша күтіп отырмыз.
Тапсырыс беруші "Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы мектептерді қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған дейді. Олар мердігер компанияға қаражаттың жартысын аударғандарын жеткізді. Және басшыларымен кездесіп, бұл мәселе шешіледі деп сендірді.
Азамат Адамов, «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ Атырау облысы бойынша басшысы:
— Қазір біз бәрін анықтаймыз. Жалпы біз былтыр 50 пайыз аванс бердік. Компанияға, осы жағдайды жасап отырған құрылысқа барлығы жеткілікті. Не себепті ақша бермей жүргендерін білмеймін. Басшылығына соғып едік, қалада жоқпын деді. Шақырттық басшылықты. Кездесіп шешеміз мәселені. Жұмыстар биыл тапсырылуы тиіс. Жоба құны жалпы 40 миллиард үстінде.
Ал, еңбек инспекциясындағылар тексеріс жұмыстарын жүргіземіз деп отыр. Айтуларынша, аталған компанияға жұмысшылар тарапынан бұған дейін де бірнеше мәрте шағым түсіпті.

29 ақпан, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.